Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында Рспекова Айгуль Карабаевнаның ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру-ұлт құндылығы" атты жұмысында " "Баланы бесікке бөлеу" дәстүрі көрсетілді. Қазақ халқы " Бесіксіз үйде береке жоқ" деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі, бала өмірдің гүлі, жалғасы. Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы болған. Баланы бесікке ауылдың қадірменді анасы бөлеген. Бүлдіршіндерге бесік туралы мағлұмат берілді, балалар бесік жабдықтарымен танысты. "Бөпені бесікке бөлеу" реті көрсетілді. Балалар " Ақ бөпем" әнімен бесікті тербетіп, бөпенрі ұйықтатты.