Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауржанқызы I, III ересек "Ботақан", "Еркетай" топтарымен "Табиғат" атты ұйымдастырған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты: Балаларды табиғат ұғымымен таныстыру, әңгімелеп, баяндап айтуға жаттықтыру. Оқу қызметін шаттық шеңберімен бастады. Басында балалармен "Табиғат" туралы әңгімелесу өткізілді. Содан соң, "Жер шары" ойынын ойнады. Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдады. Балалармен бірге "Таңдап алда, атын ата" дидактикалық ойынын ойнады. Оқу қызметін бекіту мақсатында балаларға сұрақ қойылды. Балалар оқу қызметіне жақсы қатысты.