Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Құлыншақ" және "Қошақан" даярлық топтарымен "Жырың болып төгілемін, елім!" атты ақындар айтысын өткізді. "Ботақан", "Балдырған" және "Еркетай" ересек топтарының балалары айтысқа өз үлестерін қосып, ән-шашуларын паш етті. Халқымыздың ұлттық өнерінің керемет түрі бұл айтыс. Бүгінгі айтыстың басты мақсаты балалардың дарындылықтарын анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Балаларға алдымен айтыс туралы түсінік беріліп, айтыстың топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы екендігі айтылды. Мұндай айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болады. Айтысқа суырып салма, сөзге шешен, білімді бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы өнерлі балалар қатысты. Бүгінгі айтыста кішкентай айтыскерлеріміз қыз бен жігіт айтысын көрермендерге ұсынды. Бұл айтыстың басқа айтыстардан айырмашылығы айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл- қалжыңды, достық қарым-қатынасты жырлады. Қыз бен жігіттің өнер жарысы кейде қайымдасу мен жұмбақтасу түрінде де болады. Айтыс әсерлі болу үшін балалар жыр шумақтарын домбыраның сүйемелдеуімен шырқады. Балаларға мұндай форматтағы ерекше көрініс әсерлі эмоция қалдырды. Өздерін барынша еркін ұстап, өнерлерін ортаға салды. Айтыс соңында балалар дипломмен марапатталып, естелік ретінде суретке түсті. Мақсатқа қол жеткізілді.