Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіне үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкенің әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – ол әке. МКҚК "Ақбота" бөбекжайында педагог - психолог Жұлдыз Серікқызы ұйымдастыруымен "Ботақан", "Балдырған", "Еркетай" ересек топ тәрбиеленушілерінің әкелерімен "Әкем - асқар тауым" атты кездесу кешін өткізді. Бұл кездесуде әр түрлі ойындар, ситуациялық сұрақтар және кішігірім концерт болды. Кездесу кешінің мақсаты әкелерімізді өз балаларының тәрбиесі мен дамуына байланысты сұрақтарға қызықтыру және тарту болып табылды.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.,- дегендей тәрбиеленушілеріміз әкелерімен қызықты мерекелік кешке бірге қатысып, бірге өткізді. «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені әрбір бала үшін әкенің орны бөлек қой. Жұлдыз Серікқызы ұйымдастырған бұл кеш өте тартымды, өте әсерлі, өте қызықты өтті. Қатысқан әкелеріміздің де көңілдері бір марқайып қалды. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен дейміз.