Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовнаның ұйымдастыруымен І ортаңғы "Балапан" тобында "Шығармашылық" саласы "Құрастыру" бөлімінде балалар "Орындық пен кресло" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Балаларға орындық пен креслоның үй жиһаздарына жататыны және екеуінің қандай айырмашылықтары бар, сонымен қатар қандай пайдасы бар екені айтылды.
Оқу қызметін қорыту мақсатында балалар берілген мозайкадан орындық пен креслоны құрастырды. Құрастыру барысында орындық пен кресло қандай түс екенін сұрау арқылы түстерді еске алды. Балалар мозайканы қызыға құрастырды.