2022 жылдың 08 сәуірінде Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Қажкенова Әлия Төлегенқызы Луначарский көшесі 197 мекен жайында орналасқан "Ақбота "бөбекжайы" МКҚК базасында аудандық әдістемелік кеңестің үшінші отырысын өткізді. Оған Бурабай ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері, педагогтары 67 адам қатысты. Кеңес басталар алдында қатысушылар "STEAM" атты көрмемен танысты. Күн тәртібінде мектепке дейінгі білім беру мәселелері, мектепке дейінгі ұйымдардағы 4К модель бойынша жұмыс, мектепке дейінгі білім беруді мемлекеттік аттестаттау, сондай - ақ "Балаларды математика негіздеріне оқытудағы Дидактикалық ойындар", "STEAM" жиынының мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық таным дамуына ықпалы" , "STEP - аэробика" дене шынықтырудан шеберлік сыныптары өткізілді. Кеңес соңында "қағазды ұсақтау" психо-эмоционалды стрессті жеңілдетуге арналған педагог-психолог Савченоко Валенияның ұйымдастырумыен психологиялық тренинг өткізілді. Әдістемелік кеңестің соңында ұсыныстар беріліп, грамоталар табыс етілді.