Текст
14.04.2022
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Ибраева Саягүл Мұқанқызының ұйымдастырумен I ересек «Ботақан» тобында «Шығармашылық» саласы бойынша ұйымдастырылған «Бауырсақ» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі болды. Балалар сурет бойынша «Бауырсақ» ертегісін айтып әңгімелеп, қайшыны қолданып, "бауырсақ" суретін қиыпғ желіммен жапсырды. "Бауырсақ" ертегісіндегі кейіпкерлерді атап берді. Балалар қызығушылықпен ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысты.