«Қош бол ,бөбекжай»
Балабақша есігін ,
Сәби болып ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді бақшамыз,-деп, Уалиханов көшесінде орналасқан «Ақбота» бөбекжайы ІІІ ортаңғы «Қошақан» тобында «Қош бол, бөбекжай!!!» ертеңгілігі өтті. Бөбекжайға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің бөбекжай қабырғасында жүріп үш жыл бойы білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді. Ертеңгілікте ән айтып, би билеп, берілген тапсырмаларды орындады. Ертеңгілік соңында қоштасу вальсін биледі. Бөбекжай директоры балаларға ескерткіш альбомдарын табыстады. Биылғы түлектер өнерлі де, алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болып, үлгілі оқушы болатынына сенімімім мол.
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Дендеріңіз сау аман-есен мықты болсын.
Мектеп есігі әрқашанда ашық болып,
Мектепке баратын қадамдарын құтты болсын.
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда соқсын жүрегіміз- дей келе түлектерімізге сәт сапар тілеймін.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы
«Қошақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі
Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы