27. 05. 2019 ж «Ақбота» бөбекжайында V ортаңғы «Көбелек» тобында «Қощ бол , бөбекжай» атты балалардың бөбекжаймен қоштасу мерекесі өтті. Музыка әуенімен балалар күлгін түсті шар ұстап, вальс биін биледі. «Әже жүрші мектепке» ,«Қош, балбұлақ бақшамыз» , «Қоштасу» әндерін нақышына келтіріп орындап, тақпақтарын мәнерлеп, жатқа айтып , ата-аналарын риза еткізді. Балалар қазақтың ұлттық аспаптарын ұстап, «Әріптер» әнін әсем орындап, қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығу-шылықты оятты. Қыздар мың бұрала «Испан» , «Көбелектер» , « Шығыс» биін биледі. Ұлдар да «Газет» , «Чарлстон» биін билеп өнерлерін көрсетті, Ата-аналармен «Әуенді тап» деген ойын ойнап , көңілді отырды. Балалардың білімдерін тексере келген Али балақай мен Робот та өз ролдерін тамаша сомдады. Соңында бөбекжай директоры Бақыт Асылбековна түлектерге құттықтау сөз сөйлеп , винеткаларын табыстады . Нурмағанбетова Камиланың әжесі ата-аналар атынан құттықтау сөз сөйлеп , бөбекжай қыз-меткерлеріне өз алғыстарын білдірді.