Анықтама
Бүгін ортаңғы «Қошақан» тобы мен «Алақан» тобы балаларының арасында «Жүзден жүйрік» атты спорттық эстафеталық жарыс өткіздік. Мақсатымыз балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру және бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын орнату. Балалар өз топтарымен таныстырып, ұрандарын айтты. Жарысты бастамас бұрын, балалардың денелерін қыздырып, дайындау үшін «Флешмоб» биін биледік. Жарысты бірнеше кезеңге бөлдік. Әр кезеңде балалар түрлі тапсырмаларды орындап, қызыға ойынға кірісіп кетті. Бірінші кезеңде табан бұлшық еттерін жетілдіру үшін түймелерден, қақпақтардан жасалған төсеніштерден өтті. Балалардың көз қырағылықтарын дамыту мақсатында «Хоккей», «Кеглиді доппен құлату» ойындарын ойнады. «Кім жылдам?» кезеңінде гимнастикалық орындықтан жүру, секіріп өту, таяқшалардың астынан өрмелеп жүріп өту арқылы балалар тепе-теңдікті сақтаға, ептілікке жаттықты.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші балаларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы жарысымызды аяқтадық.
Тәрбиешілер:
Уалиева Р.С
Ибраева С.М