Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайында «Балабақшам – менің үйім» атты мектепке дейінгі мекемелер арасында аудандық Көңілді тапқырлар клубы "КВН-2022" конкурсы өтті. Бұл байқауға Циалковский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайы, «Золотое поколение педагогов» командасы, Златополье ауылындағы КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының «Қарлығаш» командасы, «Мерей» балабақшасының «Радуга» командасы, Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының «Разноцветные ладошки» командасы, Обалы ОМ-нің жанындағы шағын орталықтың «Бауырсақ» командасы, Успеноюревька ауылындағы ҚМУжалпы білім беретін мектебінің «Шағала» шағын орталығының «Дружба» командасы, Мәдениет ауылының Е.Исмайлов ОМ-нің жанындағы «Айналайын» шағын орталығының «Тентектер» командасы қатысты. Келесі турлар бойынша командалар жарыстарға алдын ала дайындалды. «КВН-2022» өте қызықты өтті. Қатысқан командалар өздерінің креативтілігін, әртістік қабілеттерін, өнердің түрлерін және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен, үйлескен ұйқаспен, күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізе білді. Әділқазі мүшелерінің қатарында Бурабай ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Кажкенова А.Т, №10 мектеп-интернаты жанындағы «Шұғыла» шағын орталығының меңгерушісі Жүсіпова Г.С, №4 ОМ жанындағы «Гүлдер» шағын орталығының меңгерушісі Каирова Т.К болды. Қорытындысы бойынша «КВН-2022» жеңімпазы Циалковский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайы, «Золотое поколение педагогов» командасы І дәрежелі Дипломмен және кубокпен, «Мерей» балабақшасының «Радуга» командасы ІІ дәрежелі Дипломмен, Златополье ауылындағы КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының «Қарлығаш» командасы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Қалған қатысушы командалар белсене қатысқаны үшін Мадақтамаларға ие болды.