Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен даярлық «Қошақан» тобы тәрбиеленушілері "Сауат ашу" ұйымдастырылған оқу қызметінің алдында саусақ жаттығуларын жасауда . Бұл балалардың ең алдымен әліппе дәптердегі әріптерді оқуға , зейін қоюын арттырады . Саусақ жаттығуын жасау барысында балалар алақандарын уқалап , қыздырып көздеріне басу арқылы көздің көру аймағын үлкейтеді . Саусақтарын бір – біріне кезекпен тигізу , мидың сол жақ және оң жақ қабаттарының жұмыс істеуіне жағдай туғызады.