Бөбекжай бүлдіршіндерін өнерге баулып, оларға эстетикалық тәрбие беруде би өнерінің маңызы аса зор. Ол баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне жол ашады. Би тек сұлулыққа ғана қызмет етпейді. Ол дененің физикалық дамуына ықпал етіп, дене иілгіштік қасиетін дамытады. Бүгінгі би өнерінде балалар оқу - қызметінен тыс "Ботақан" "Балдырған" және "Еркетай" ересек топтарымен "Алау" биі үйретілді. Балалар би қимылдарын музыка ырғағына сәйкес орындап мәнерлі билеп шықты. Би өнері - тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, балаларды ең алдымен еңбектенуге баулиды. Биде тәрбиеленген балалардың жүріс тұрысы, дауыс ырғағы, жақсы есте сақтауы, зейіні, ішкі сезімнің дамуы ұшқыр қиялмен ерекшеленеді. Жалпы би өнерінің балалар үшін пайдасы өте көп. Балалар кез-келген биді қызығушылықпен билеп, өздерінің эмоциясын көтеріңкі көңіл күй арқылы білдіреді. Мұндай өнер түрі балаларға шабыт сыйлайды.