Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жер, тұнған тарих»

03.07.2019

«Туған жер, тұнған тарих»

 

Уәлиханов көшесінде орналасқан  «Ақбота» бөбекжайында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру  аясында  І кіші топтар  «Күншуақ» және «Балбөбек» ата-аналарының арасында  «Туған  жер - тұнған тарих» атты тәрбие сағаты  өтті.   Марат Алинұрдың- анасы Темешева Гульнұр Асылхановна,  Баянжан Алдиярдың- анасы Макашева Жұлдыз Еркінқызы, Қалымжан Ерасылдың-  анасы Каримова Динара Бахытқызы,   Ержан  Нұрайлымның  әжесі- Боранбекова Шынар Ақылбайқызы,  Хамит  Диананың- анасы Кусаинова Мөлдір Садыққызы,  Барлубай Бақытжанның- анасы Оспанова Самал Темірбулатқызы  белсене  қатысты.  Сайыс төрт кезеңнен құралды.

 «Тарихқа шолу» атты бірінші кезеңде туған өлкеміздің бізге жеңіс сыйлаған батырларымызды, ақын-жазушыларымызды, әнші-күйшілерімізді еске түсірдік.

 «Білгенге маржан»  кезеңінде табиғаты сұлу, көрікті туған жеріміз « Бурабай» өлкесінің « Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр, Бурабай аңыздарымен бөлісіп, слайд арқылы саяхат жасалды.

 «Тіл мерген» кезеңінде сайыскерлеріміз ұлтымыздың ырым сөздеріне сипаттама беріп, өз ойларын ортаға салды.  Мысалға, ( Ерулік,  Асар,  Төс қағыстыру, Тілашар).  Отан,  туған жерге байланысты  мақал- мәтелдердің жалғасын тапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз- 

 дей отыра, -  « Ұлттық  қазынамыз-байлығымыз» атты кезеңінде

 сайыскерлеріміз «Келін түсіру» және «Тұсау кесу» салтын  көрсетті.  «Арқан тарту», «Асық ату» ойындары ойналды.  Сайыскерлеріміз іс- шарада бәсекелестік пен білімділіктерін көрсетті.  Қатысқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіріп, мараппатталды. Іс-шарамызды «Атамекен» әнімен  аяқтадық.

 

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз  өсірген  елімізді.

Отан дейміз  туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз  үйіңнен басталады.

 

Сайын дала - атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында біз кең- байтақ елде  бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Туған өлкені, туған жеріңді сүйіп өту кімге де болсын парыз, әрі қасиетті міндет. Өз  Отаныңның, туған жеріңнің тарихын, ұлтыңның асыл қазынасын білу әр қазаққа зор міндет деп санаймыз. « Туған өлкеміз көркейе берсін, туған жерімізді аялап өтейік!»

Айгүл   Рспекова   І кіші «Балбөбек» тобының тәрбиешісі.

Әсел     Кусаинова І кіші  «Күншуақ» тобының тәрбиешісі.

«Ақбота»  бөбекжайы.

 

 

 

 

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст