Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ІІІ ересек "Еркетай" тобының бүлдіршіндері іс-тәжірибеден өтуші студент Панаева Ұлмекеннің жетекшілігімен қимылды ойындар ойнады.

27.04.2022

МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ІІІ ересек "Еркетай" тобының бүлдіршіндері  іс-тәжірибеден өтуші студент Панаева Ұлмекеннің жетекшілігімен қимылды ойындар ойнады. 
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады.  "Паровоз", "Күн мен түн", "Төбеде доп қуу" ойындары ойнатылды.   Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларға тәрбиеленеді.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы-бүгінгі ұрпақтың өмірді танып, ой өрісінің өркен жайып рухани жетілуі үшін ойынның бала өміріндегі маңызы  зор.

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст