Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Айтжанова Алмагуль Сагандыковнаның жетекшілігімен даярлық "Құлыншақ" тобының балаларымен оқу қызметінен тыс балалардың білімін тексеру мақсатында "Сауат ашу" бөлімі бойынша жұмыс жүргізілді. Мұнда суреттер арқылы дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төрбұрыштардың ішіне белгілеп (қызыл-дауысты дыбыс, көк дауыссыз дыбыс) салады. Балалар берілген тапсырманы қызыға орындап шықты. Осы сынды жұмыстар баланың байқағыштығын, логикалық ойлауын, тілдің грамматикасын жақсы білуге ұмтылдырады.