МКҚК "Ақбота" бөбекжайы "Балапан" ортаңғы тобында іс-тәжіибе өтуші , студент Алдаш Ақбота тәрбиеленушілермен күннің екінші жартысындағы дербес әрекетте "Балапанды" жапсырып, шығармашылық жұмыс жасады. Ақбота зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттерін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін жоғарылата білді. Мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастырды.Балалардың көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді жапсыру әдістеріне үйретті. Балалар қызыға жасап, жағымды көңіл күйін тудыртып, жасаған жұмысынан қуаныш алды.