Текст
МҚКҚ"Ақбота" бөбекжайында "Нұрсәуле" тобында "Бірлігіміз жарасқан" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты бірлік мерекесінің қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру, Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығы салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу және балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау болып табылды. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығы,адал ниеті мен мақсат ортастастығының символы арналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатында әр ұлттан қонақтар келіп және олар өздерінің тағамдарын, киімдерін, ойындарын балаларға көрсетті. Бүлдіршіндерге бүгінгі тәрбие сағаты өте ұнады және белсене қатысып отырды.