Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші "Күншуақ" тобында 1 Мамыр Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, қоғамдағы ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған "1-Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні!" атты тәрбиелік сағаты өткізілді.
Мақсаты Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіру, ортақ мәдени және рухани құндылықтар мен ұлттық сана сезімді қалыптастыру болып табылды. Бүлдіршіндер тәрбиелік сағатқа көтеріңкі көңіл - күй танытып, қызығушылықпен қатысып отырды.