Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайы даярлық "Құлыншақ" тобында 1 Мамыр бірлік, ынтымақ күніне арналған "Бірлігіміз жарасқан елміз" атты тәрбие сағаты өтті. 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру жұмыстары әңгіме түрінде жүргізілді. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету және басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым -қатынаста болу керек екендігі жайында айтылды. Балалар жаттаған өлең шумақтарын айтып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты.