Текст
II даярлық "Қошақан" тобында балалармен "1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты балалардың бірлік , достық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылды. Тәрбие сағатында балалар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне достық көңіл күй сыйлады .Слайд арқылы Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін, онда барлығы да тату-тәтті тұратынын ұқты. Балалар бірлік, ынтымақ туралы тақпақтарын айтып, " Достық " әнін әуенге қосылып айтты. Сонында қағаздан бейбітшілік құсы "Көгершінді" түрлі -түсті дөңгелектермен қиып, әдемі етіп жасап, бір-біріне сыйлады .