Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы "Балбөбек"санаторлық тобында Жүсіпова Салтанат Жәнібекқызының ұйымдастыруымен тәрбиеленушілермен бірге серуенге шығып ауа райын бақылады.Шынығу- баланың ағзасына, иммунитетін көтеруіне аса пайдасы бар. Шынықтыруды тек баланың осы процедураға жақсы қараған жағдайында ғана өткізілуі керек. Жиі ауыратын және әлсіз балаларға шынықтыру барысында барынша абайлап жүргізіледі. "Балбөбек" санаторлық тобындағы балалар серуен барысында, бірге ұжым болып ойнап, асфальтқа сурет салып, сергіту сәттерін қайталады. Балалар серуеннен өте жақсы көңіл- күйде оралды.