Текст
Бүлдіршіндердің қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше болғандықтан күнделікті өмірде қозғалмалы ойындарды өткіземіз. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер етеді.
Қимылдық ойынның нәтижесінде жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына және де мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.