Дидактикалық ойын балаларды оқытудың ойын әдісі болып табылады. Мектепке дейінгі оқыту түрі, өз бетінше ойын әрекеті және бала тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу құралы.
Дидактикалық ойынның міндеттері: белгілі бір рөлді алу, ойын ережесін сақтау, оның сюжетін дамыту. Балалардың қоғамдық өмір құбылыстарына, табиғатқа, қоршаған дүние заттарына дұрыс көзқарасты қалыптастыру болып табылады. ІІІ ересек "Еркетай" тобында тәрбиеші Накенова Айнұрдың жетекшілігімен "Суретті толықтыр" дидактикалық ойыны өткізілді. Ойын барысында тәрбиенушілер геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға үйренді. Логикалық ойлау қабілеттері дамыды. Қабылдау, ес, зейін процесстері дамып, ұйымшылдыққа тәрбиеленді. Бүлдіршіндер ойынға қызыға кірісіп кетті. Қызығушылық танытып, алға қойған мақсатқа жеңілдікпен жетті.