Текст
2022 жылдың 5-ші мамыр күні МКҚК " Ақбота " бөбекжайының " Аққу " тобының тәрбиешісі Абитаева Ж.К және музыка жетекшісі Петерсон О.С ұйымдастыруымен 7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне орай спорттық ойындар өткізілді.Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.Ал отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш- жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны- бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Балалар спорттық ойын ойнап жақсы әсер алды .
Ел қорғайтын, ер ағалар
Ардағымыз, арамыз.
Ерлер тойын, елдің тойын,
Бәрі. Қарсы аламыз - бәріміз !