Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында Жүсіпова Салтанат Жәнібекқызының ұйымдастыруымен тәрбиеленушілермен бірге күннің екі жартысында құм терапиясымен бірге жұмыс жасады.Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды. Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.