Текст
І кіші "Күншуақ " тобының тәрбиеленушілерімен іс-тәжірибе өткізуші студенттер Шамаева Фариза, Нашарбек Лейла ,,Көңілді балалар" сайысын өткізді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызушылықтарын арттыру, қимылдың іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету болып табылды. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, сайыс қызықты өтті. Топ балалары әр түрлі ойындарды сайыста жақсы көңіл-күйлерімен қуанышпен орындады. Сайыс соңында "Арам- замзам" қимылды әнмен биін биледі.