Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна ортаңғы "Балбөбек" тобымен "Достық татулықтан басталады" атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты тыңдалған әуен мазмұнына өзінің көңіл күйін білдіруге, әнді бірге бастап бірге аяқтауға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету болды. Балалар оқу қызметін әдеттегідей артикуляциялық жаттығулардан бастап, "Достық" туралы әнімен жалғастырды. Арнайы көрнекіліктер арқылы балаларға достық қарым- қатынас туралы түсіндірілді. Оқу қызметінде "Түстерге сәйкес гүлдерді тап" ойыны ойнатылды. Балалар ойынды ерекше көңіл бөліп қызықтап ойнады. Сондай-ақ сергіту сәті ретінде балалар "Сиқырлы доп" жаттығуын орындады. Жаттығулар арқылы балалардың өздерін еркін ұстап, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқу қызметі әсерлі өту үшін балалар достық туралы өз ойларын ортаға салып, тақпақтарын айтып берді. Балалар оқу қызметінде берілген барлық тарпсырмаларды жылдам орындап, күн сияқты өздерінің көңіл күйлерін білдірді.