«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Кешегі Абай, Мұхтар сынды айтулы азаматтарымыз әжелерінің әлдиі мен ертегісін естіп өскен. Ал сіз, балаңызға ертегі айтасыз ба? Ертегінің бала дамуына ықпалы зор. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – имандылық, адамгершілік, отбасы тәрбиесіне байланысты.
Ертегінің түрлері: қиял- ғажайып, шыншыл ертегі, тұрмыс-салт, жан-жануарларға байланысты.
Әр ертегінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, қиял- ғажайып ертегісі баланың ойын, қиялын дамытса, шыншыл ертегілер жаман-жақсыны, өтірік пен шындықты ажырата алуға тәрбиелейді. Ал, жануарларға байланысты ертегілер төрт түлікті, жануарларды құрметтеуге, оның пайдасын түсінуге тәрбиелейді.
Осы айтылған ертегілер түрлерін біз өз жұмысымызда пайдаланып отырамыз. Тәрбиеші Уразбекова Гульмира Ануаровнаның жетекшілігімен ІІІ ересек "Еркетай" тобында балалармен сахналық ертегі көрінісін қойды. Соңында ертегілер кейіпкерлеріне мінездеме беріп, қорытынды пікір айтып, ортаға салды. Сонымен қатар балалармен қуыршақ театрын да қойып көрді. Бүлдіршіндер көрініске қызығушылықпен, белсенді қатысып отырды.