Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

03.09.2019

Тақырыбы: Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Мақсаты:  1 қыркүйек-  Білім  күні  мерекесінің  маңызын  түсіндіру, сезіндіру.

Бүлдіршіндерге  Білім  күні   мерекесінің  мән- мағынасын  ұғындыру.

Сахналық  мәдениетін  қалыптастыру.  Мерекелік  көңіл-күй  сыйлау.

Жүргізуші:

Шырылдаған  тыным  алмай,

Қоңыраудың  үні  қандай?!

Мақсатына  жете  ме  адам

Оқу  оқып,  білім  алмай?,

Ғылымның  көп   тас  қамалы

Ғалымдықта   асқарлы

Бар  білімнің  нұр  бастауы-

Балабақшадан   басталады.     

Жүргізуші :  Құрметті  балалар!  Кеше  мектептерде 1  қыркүйек-  Білім  күні мерекесі салтанатты түрде өтілді.  Балалар  1- сыныпқа  қабылданды. Сендерде  бір  жылдан  кейін  мектепке  барасыңдар.  Жақсы  білім   алып, тәрбиелі  болсаңдар,  өз  қалаған  мамандық  иелері  боласыңдар.  Біреулерің мұғалім,  біреулерің  дәрігер, есепші,  заңгер,  тағы  басқа  мамандық  иелері боласыңдар.  Сондықтан  сендер  қазірден  бастап жақсы  білім  алуларың керек.

Мектеп  құралдарымен  таныстыру .

Білім  бастауы- балабақшада.  Ендеше  бүгінгі  мерекеде  тағы  бір  әнімізді  бөбекжайымызға арнайық.

Ән  «Ата-ананы  тыңдаймыз»

     Көңілді  музыкамен  Жалқаубек  келеді.

  Жүргізуші:  - Балалар,  қараңдаршы, бізге  Жалқаубек  келді. 

Жалқаубек:   О, мұнда  балалар  көп  екен!  Жақсы  болды!  Неге  сонша сықиып  киініп  алғансыңдар?

Балалар:   Бүгін-  білім  күні  ғой!  Біз  енді  ойынды  азайтамыз,  көбірек  оқитын  боламыз.

Жалқаубек :   Солай  деңдер?!  Ал  көп  оқып  миды  ашытып  керегі  не?  Балалар,  мен   сендермен   ойын  ойнағым  келіп  тұр,  мына  сөмкенің  ішіндегі   оқу  құралдары  мен  ойыншықтар   араласып  кетіпті,  соны  ажыратуға   көмектесесіңдер  ме?

Ойын:   « Кім  жылдам?»

Шарты :  Оқу   құралдарын   бөлек,  ойыншықтарды  бөлек  жинау.

Жүргізуші:   Жарайсыңдар!   Өнерлерің   өрге  жүзсін!

Бүлдіршіндеріміздің  өнер,  білім  үйреткен,  сүйікті  балабақшаға  арнаған  кезекті  биге  берейік.   Жалқаубек, сен бізбен би  билейсіңбе?

Жалқаубек :   иә, билеймін.

  • Жүргізуші :  Ал, балалар,  би үйретейік  Жалқаубекке.
  •    Би : «Аяқпенен  топ-топ»
  • Жарайсыңдар, балалар!  Керемет биледіңдер! Ал, енді  Жалқаубекпен  қоштасайық.
  • Балалар:   сау, бол!

 

  

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст