Текст
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкінді.
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып , есейіп .
Өздеріңмен қоштасатын күн туды. - демекші, МКҚК Ақбота"бөбекжайының даярлық "Қошақан" тобында бөбекжаймен қоштасу кеші өтті. Ертеңгілік "Тәрбиеші" әнімен басталып, балалар кешке арнап жаттаған тақпақтарын айтты. Мерекеге мультфильм кейіпкерлері келіп, балаларға тапсырма орындауға көмектесулерін сұрады. Балалар жыл бойғы алған білімдерін ортаға салды. "Түлкі мен етік" ертегісін ата- аналарына сахналық қойылымын көрсетті. Әрі қарай "Үйретеді", "Рахмет" әндерін шырқап, көңілді "Чунга-чанга" , "Вальс" биін биледі. Мереке соңында Бақыт Асылбекқызы балаларды құттықтап, дипломдарын табыстады.