Текст
МКҚК "Ақбота " бөбекжайының I ересек «Ботақан» тобында тәрбиешілердің Ибраева С.М, Шайкенова К.М ұйымдастыруымен «Қош бол, бөбекжай» ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілікте тәрбиеленушілеріміз бөбекжайға арнап ән айтып, музыка жетекшілерінің қолдауымен «Қуыршақ» биі, «Жігіттер» биі, «Алғашқы вальс» билерін нақышына келтіре орындап, мерекелік көңіл-күймен өлең шумақтарын айта білді. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру, бөбекжайда алған білімдерін қайталай білді. Қонаққа келген Буратино мен Мальвинаға, жақсылық пен жамандықты айыра білу білімдерін ойындар арқылы көрсете білді. Ертеңгіліміз ата- аналарымыздың қимастық жылы лебіздерімен аяқталды. Балаларымызға жарқын болашақ білім жолын тілейміз!