Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында қорытынды педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты: Өткен оқу жылы бойынша өткізілген жұмыстардың қорытындысын шығару болып табылды. Бөбекжай директоры жылдық жоспардың орындалуы және педагогикалық ұжымның нәтижежелері туралы айтып өтті. Педагогикалық кеңесте әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің жылдық есебі, салаларға талдау жасау және оқу жылының міндеттерін тұжырымдау, логопед, психологтың жылдық сепебері тыңдалды. Ағылшын тілі мұғалімі балалардың ағылшын тілін үйрену деңгейі, музыка жетекшілері балалардың шығармашылық байқаулар бойынша сапалық көрсеткіші мен музыкадан өткізілген іс-шаралардың жылдық есебі тыңдалды. Дене тәрбиесі нұсқаушысы денешынықтырудан өткізілген жылдық есеп, жоба жетекшілері Қамағанбетова А.Б мен Уалиева Р.С робототехника технологиясының жүргізілу жағдайы туралы айтып өтті. Бөбекжай әдіскері Бекенова М.Д «Жаз-2022» жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарымен таныстырып өтті. Педагогикалық кеңес соңында даярлық тобының тәрбиешісі Бейсенова Шолпан Муратбековна аудандық кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды.Тәрбиешілер оқу жылында атқарылған іс-шаралары, тәрбиеленушілердің жетістіктері, алған марапаттары жайлы баяндап өтті. 2021-2022 оқу жылы барысында мекемеде оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылған бірқатар жұмыстар мекеменің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіліп, міндеттер орындалды.