Текст
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды,
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды,-деп, даярлық "Құлыншақ" тобында "Қош бол, бөбекжайым" бөбекжаймен қоштасу кеші болып өтті. Мерекелік кеш "Тәрбиеші апай" әнімен басталды. Қонаққа келген бұзық Дружоктің тапсырмаларын орындауға көмектесіп, өздерін тәрбиелеп баққан бөбекжай қызметкерлеріне өздерінің тақпақтарын айтып, әдемі вальс биін биледі. Мерекелік кешке келген ата-аналарда ойын ойнап, балалармен бірге мәз болды. Кеш соңында бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна қоштасу дипломын табыстады.