Бүгін 1 маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне орай "Голубой парус" балабақшасы және "Нәби" бөбекжайының ұйымдастыруымен
"Балалық шақтың ғажайып әлемі" атты аудандық мерекелік іс-шара аталып өтті.
Циалковский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайындағы "Қарлығаш " тобының балалары тәрбиешісі Курмангазина Н. К және музыка жетекшісі Петерсон О.С жетекшілігімен балалар көңіл көтеріп,би билеп,ән салып "Самые изобретательные" атты мадақтама иегерлері атанса, Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының «Кішкентай періштелер» командасы тәрбиешілері Айтжанова А.С, Жалманбетова Р.Т, Ержан Ж.С жетекшілігімен «Самые привлекательные» атты номинациясымен марапатталды.
Бүгін тек жадыраңқы жаздың алғашқы күні емес.
Бүгін-көңілдері жаздай кішкентай бүлдіршіндердің жекеменшік мерекесі! Мереке құтты болсын!
Бала-өміріміздің жалғасы,көз қуанышымыз! Ұлттың ертеңі! Сенімді тірегі! Бейбіт елімізде қашанда балаларымыздың сыңғырлаған күлкілері таусылмасын!
Денсаулықтары мықты,болашақтары жарқын болып,біздердің қуанышымыз бола берсін!