Тарих атты ұлы көште əр кезеңнің алар орны, шығар биігі бар. Иə, уақыт бағамында 30 жыл мерзім болғанымен, тəуелсіз еліміз үшін жүріп өткен жол, еңсерілген іс ғасырға пара-пар. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рəміздерінің тарихы, олардың қадір-қасиеті мен мəн-мағынасының құндылығы бір бөлек.1992 жылғы маусымның 4-інде алғаш рет тəуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздері бекітілді. Бұл күн мемлекеттік рəміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мəңгі қалды. Мемлекеттік рəміздер - біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі дейміз. Сондықтан рəміздерімізді қастерлеу, оған құрметпен қарау- бойымыздағы елжандылығымыздың, Отанға деген сүйіспеншілігіміздің бір белгісі деп білемін.
Әнұран көкірегімізде, Елтаңба төрімізде, Туымыз көгімізде мәңгі желбіресін.Бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна