Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Балалардың өмірін, денсаулығын сақтау, қорғау біздің парызымыз. Дәл осы мақсатпен Уалиханов көшесіндегі ."Ақбота" бөбекжайында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Сиқырлы бақ" атты ойын-сауық мерекесі аталып өтілді. Мерекеге ертегі әлемінен "Гүлзара" феясы, "Ариэль" су перісі, "Минифорс" роботы, "фрозен Пэппасы" келді. Кейіпкерлер ойын -сауықта "7 түсті гүл " ертегі желісі бойынша өрбіді. Әр кейіпкер алып келген қызықты тапсырмаларды балалар қызыға орындап, өздерінің қуаныштарын күн сияқты жарқын эмоциялары арқылы білдіре білді. Мереке осындай ретпен жалғасты: "Түстерді ажырат" шарлармен ойын, "Балықтарды құтқару" ойыны, Флешмоб, "Paper show".
1 маусым балалар күні құтты болсын! Барлық тәтті бүлдіршіндерге осындай ғажап күнде ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ тілеп, әрқашанда сыңғырлаған күлкі, мықты денсаулық тілеп, Отанымыздың мақтанышы болуларына шын жүректен тілектеспіз.