8-ші маусым 2022 жылы МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Қарлығаш"тобында тәрбиеші Курмангазина Н.К ұйымдастыруымен "Бағдаршам-біздің досымыз" атты жапсыру оқу қызметі өткізілді. Мақсаты:Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру, іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын,зейіндерін дамыту,жолда жүру ережесін меңгерту. Бағдаршамды жапсыру барысында жұмбақ жасырып шешімін таба білдік.
Үш көзі бар қаз-қатар
Кезек-кезек ашады,
Үшеуін байқасам,
Үш түрлі нұр шашады (бағдаршам)
Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды,жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Жол тәртібін білейік.
Аман-есен жүрейік.
"Бағдаршам" ойынын ойнап жолда жүру ережесін бекіте түстік.
Мен көшеден өтерде,
Бағдаршамға қараймын.
Қоймаған ғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.