Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дәрумендердің пайдасы" атты оқу қызметі

22.06.2022

21 ші  маусым  2022 жылы МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Қарлығаш" тобында тәрбиеші Кожанова А.К ұйымдастыруымен "Дәрумендердің пайдасы" атты оқу қызметі өткізілді.Мақсаты: дұрыс тамақтану дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға жемістердің,көкеністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Жемістер мен көкеністердің біздің өсіп келе жатқан ағзаға өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп. Дәрумендердің А,В,С,Д,Е деген түрлері болады. Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар,сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді. Денсаулық сақтап,салауатты өмір сүру үшін дәруменнің пайдасынан басқа спортпен шұғылданған да жөн.

Дәрумендер тірегің

А,В,С,Д,Е деп аласың

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаласың

А-С қажет көзіңе

В-С қажет жүйкеге.

С-дан тұмаудан аулақ бол.

Д-сүйекті нығайтады

Дәруменмен танысу барысында балалар ұжымдық жұмыс жасап сурет салу арқылы білімдерін бекітті.

Просмотров: 124


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст