Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында сурет салу бөлімінде «Гүлді әшекейлейміз» оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты балаларға гүл туралы түсінік бере отырыпы, түстермен таныстыру және жақсы, таза бояуға, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету болып табылды. Оқу қызметінде тапсырма бере отырып, яғни суретті боята отырып, баланың алғырлығын, тапқырлығын бақылау және қарындаш ұстау әдептерін бақылап, дұрыс ұстау керек екенін ескертіліп отырылды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ережелері қайталанып, қарындашты немесе бояуды ауызға салмау , бір – біріне қарсы ұстамау керек екені ескертілді. Оқу қызметі қызықты өтті.