Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Абдыкалыкова Дана Сериковнаның жетекшілігімен кіші "Нұрсәуле" тобының тәрбиеленушілерімен ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Ұсақ қол моторикасы қолдың ептілігі, ритмикасы,қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсартады. Саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсартады. Сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектеседі. Қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамытады.