Уәлиханов көшесіндегі"Ақбота" бөбекжайындағы "Балдырған" ересек тобында Жүсіпова Салтанат Жәнібекқызының ұйымдастыруымен "Шығармашылық" саласы бойынша "Сурет салу" оқу қызметі өткізілді.Оқу қызметі Шаттық шеңберімен басталды. Кез келген жастары балаларды сурет салуға үйретудің басты принципіне көрнекілік жатады: бала өзі бейнелемек затты, құбылысты білуге, көруге, сезінуге тиіс. Балалардың заттар мен құбылыстар туралы анық та айқын түсініктері болуы қажет. Сурет сабағында пайдаланылатын көрнекі құралдар көп, олардың барлығы да сөзбен түсіндіріледі. Тәрбиеші сурет салу тәсілдерін қолмен көрсетуі де немесе сөзбен ауызша түсіндіруі де мүмкін. Мұндай кезде, балалар берілген тапсырманы тірек суретінсіз-ақ өздері орындайтын болады. Бұл арада, педагогтың суретті салу процесі үстіндегі қимылы мен түсіндірме сөздері өзара жақсы үйлесім тауып жатуы өте маңызды.