Ойын- мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Балалардың ойын іс әрекетінің бір түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Олар мектеп жасына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Сюжеттік рөлдік ойындардың көзі-балаларды қоршаған әлемдегі заттар ,адамдар,табиғат,өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез-келген ситуацияға кіре де алады, қалаған оқиғасын бастан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоциналды рең береді. Бүгін ІІІ ересек "Еркетай" тобында педагогтің жетекшілігімен "Дүкен" сюжеттік-рөлдік ойын ойнатылды.
Балалар ойын барысында өзін еркін сезінді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатты. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгіді. Балалардың сөйлеу қабілеттері арта түсіп, сөздік қорлары молайды.