Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауржанқызы "Еркетай" тобымен "Жемістер мен көкөністер" атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты: жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету арқылы ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту болып табылады. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізілді. Оқу қызметін шаттық шеңберімен бастап, балалармен "Жемістер мен көкөністер" туралы әңгімелесу өткізілді. Содан соң балалар алма мен жүзім суреттерін салып, жемістер мен көкөністерді атап шықты. Оқу қызметін бекіту мақсатында балаларға сұрақ қойылды. Балалар оқу қызметіне белсенді қатысты.