Текст
Уәлиханов көшесіндегі " Ақбота" бөбекжайындағы " Балбөбек" санаторлық тобында тәрбиешінің ұйымдастыруымен дене мүшелеріне арналған шынықтыру ойындары өткізілді. Бұл ойындардың мақсаты қол, аяқ бұлшық еттері нығаяды және ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу болып табылады. Ағзаны шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы, бітімі үйлесімді, әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез-келген жағдайында жеткілікті жағдайда серуендей алады. Бұл ойындарды бүлдіршіндер қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты.