Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Таңғы жаттығудың маңызы зор

01.07.2022

Таңғы жаттығу денсаулыққа өте пайдалы, балаларға таңертеңгілік жаттығуларды жасату арқылы, балалардың белсенділігін артады, бұлшық еттері өседі, қан айналымы жақсарады, қимыл-қозғалысы, жылдамдығы, шапшаңдылығы артады.  "Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу бөбекжайда күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу қызметіне даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде бөбекжай ауласында, ал суық кездерде спорт залда өткізіледі,-дейді "Ақбота" бөбекжайының дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Кайдар Шаймуратович .

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст