Текст
Ортаңғы "Көбелек" тобының тәрбиеленушілері "Судағы бақалар" ойынын ойнады. Ойынның шарты бойынша бақаның тілін шығару үшін балалар шарды үрлеу керек. Ойын өте қызықты, балалар шарды үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуларын жасады. Өздерінің шарды үрлегендерін көріп, бақаның тілін шығарғандарын көргенде қатты қуанды. Бұл ойында тыныс алумен қатар түсті, санды санайды, ойлау қабілеттері дамиды. "Ква-ква" деп бақаның дыбысын салып, ойнады.