МКҚК «Ақбота» бөбекжайының III ересек «Еркетай» тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Ибраева Саягуль Мукановна «Жайнай бер, жайна Астана!» тақырыбында іс – шара өткізді. Бас қала – Нұрсұлтан қаласы туралы әндер мен өлеңдерді қайталап айтты, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудырды. Ересек тобының балалары Қазақстан Республикасының рәміздерін суреттен атап көрсетті, ҚР Президентімізді суреттен көрсете біледі, отыратын жұмыс орнын айтып берді, Астана қаласындағы демалыс орындарын айтып, Астанаға саяхатқа барғандағы қызықтарын әңгімеледі. Яғни, өз жерін құрметтеп қарауларын, сыйлау керектігін біледі. Балалар, қызығып тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойып, тәрбие сағатында белсенді қатысты.