Текст
І ортаңғы "Балапан" тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовна «Мен -саяхатшымын» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды. Бұл жерде әр бала өзінің отбасымен бірге Қазақстанның қандай әдемі жерлеріне барғандары туралы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар фото суреттеріне қарап, өздерінің қандай сезімде болғандары және не істегендері жайлы өз ойларымен бөлісті. Бұл жерде баланың тамаша көңіл-күйде болғанын, саяхат жасауды ұнататындарын көруге болады.