Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының «Көбелек» ортаңғы тобында «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты тағылымдық-тәрбиелік сағаты өткізілді. Тағылымдық-тәрбиелік сағатының мақсаты балаларға қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы түсінік бере отыра, күй тыңдай отырып, ұлттық танымын көтеру де ауыз әдебиет үлгісі мен нақыл-сөздерді қолдана отырып білімділігін шыңдауа арқылы түстерді таңдай отырып, домбыраға ою-орнектерді ұқыпты безендіруде әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылды. Балалармен
Алтын күн, күліп шықты бүгін,
Қайырлы таң балалар!
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз,-деп шақттық шеңбері ойнатылды. Шаттық шеңберден кейін
домбырада күй ойнайды. Балаларға жұмбақ жасыру арқылы домбыра екені айтты
Домбыраның құрылысымен таныстырды. Оның мойын,шанақ,тек,мойыны болады. Балалар өте қызығушылықпен тыңдап, танысты. Берілген домбыра суреттерін бояп, жұмыс жасады. Атақты ұлы күйшілердің суреттерін көрсетіп, сол күйшілер туралы мағлұмат берді.